Басты бет / Филология / Түркология және тіл теориясы / Алдашева Камар Сагингалиевна

Алдашева Камар Сагингалиевна

Лауазымы: аға оқытушы
Түркология және тіл теориясы
Scopus author ID: 56674595500
       Алдашева Камар Сагингалиевна – PhD докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Түркология және тіл теориясы кафедрасының доценті; жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия игері (2018 жыл); "Болашақ" бағдарламасының түлегі (Уппсала университеті, Швеция, 2022-2023 жж.). Алдашева Камар Сагингалиевна 1989 жылы 31 мамырда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін филология: қазақ тілі мамандығы бойынша үздік дипломммен бітірді. 2012 жылы лингвистика мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратура бөлімін тәмамдады. 2012-2019 оқу жылынан бастап М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ филологиясы кафедрасына оқытушы болып жұмыс істеді. 2013 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық университетіне 6D011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша PhD докторантураның күндізгі оқу бөліміне қабылданды. PhD докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сөздер: кодификация үдерістері және олардың лингводидактикалық негіздері». Ол зерттеу жұмысын 2016 жылдың 28 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы 6D010000 – Білім беру (гуманитарлық ғылымдар) диссертациялық кеңесінде сәтті қорғап шықты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2017 жылғы 15 мамырдағы №715 бұйрығына сәйкес 6D011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді. Камар Сагингалиевна – ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми жұмыстарды гранттық қаржыландыру конкурсы бойынша AP05131417 «Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдердің қалыптануы: когнитивтік және лингводидактикалық аспектілер» деп аталатын ғылыми жоба жұмысының жетекшісі; ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми жұмыстарды гранттық қаржыландыру конкурсы бойынша AP08855684 «Қазақыландырылған лексикалық жаңалықтардың менталды лексиконда шоғырлануының синергетикасы: пәнаралық модельдеудің әдіснамалық платформасы» деп аталатын ғылыми жоба жұмысының жетекшісі. Scopus деректер базасына енетін мақалалары - 5. H-хирша - 1.

1

Алдашева Камар Сагингалиевна НЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ АСПЕКТІСІ: КОГНИТИВТІК ИНТЕРПРЕТАЦИЯ БОЙЫНША ҮЛГІ-ТӘЖІРИБЕЛЕР 2019 - г. 7 - стр. 0

2

Алдашева Камар Сагингалиевна НЕОЛОГИЗМДЕРДІ КОГНИТИВТІК АСПЕКТІДЕ ЗЕРДЕЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 2019 - г. 7 - стр. 0

3

Алдашева Камар Сагингалиевна ЖАҢА СӚЗДЕРДІҢ МЕНТАЛДЫ ЛЕКСИКОНДАҒЫ КУМУЛЯЦИЯСЫН ЗЕРДЕЛЕУ: ӚЗЕКТІЛІК ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІК 2020 - г. 9 - стр. 1

4

Алдашева Камар СагингалиевнаДосанова А.М. АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 2020 - г. 11 - стр. 32

5

Алдашева Камар СагингалиевнаАлдаш А.. 2022 - г. 8 - стр. 12

1

Алдашева Камар Сагингалиевна НЕОЛОГИЯЛЫҚ ЛЕКСИКОНДАҒЫ КРЕАТИВТІЛІК: КОГНИТИВТІК VS. КОММУНИКАТИВТІК ПАРАМЕТРЛЕР 2019 - г. 6 - стр. Анкара

2

Алдашева Камар Сагингалиевна ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАҢА ЛЕКСИКАЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІ МЕҢГЕРТУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ПРОБЛЕМАЛАРЫ 2019 - г. 7 - стр. Анкара

3

Алдашева Камар Сагингалиевна Латыннегізді әліпби арқылы жаңа сөздерді меңгертудің әдістемелік тәсілдері 2019 - г. 5 - стр. Алматы

4

Алдашева Камар Сагингалиевна ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚОРЫН ЖАҢҒЫРТУ: ТІЛ САЯСАТЫ ЖƏНЕ КОДИФИКАЦИЯ 2020 - г. 5 - стр. Алматы

5

Алдашева Камар Сагингалиевна ЖАҢА СӨЗДЕРДІҢ МЕНТАЛДЫ ЛЕКСИКОНДАҒЫ КУМУЛИЯТИВТЕНУІН ЗЕРТТЕУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ 2020 - г. 6 - стр.
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0

Neologisms in online dictionaries as a reflection of social changes and formation of the social structure of society

Aldash, A., Aldasheva, K.S., Mambetova, M.K., Yeleuova, A.S., Kozhakhmetova, G.B., Sultaniyazova, I.S., Nabidullin, A.S.

2019

International Journal of Scientific and Technology Research
8, с. 1432-1435

0

Цитирований